Саясат • 01 Қараша, 2022

Тиімді тетік іздеу

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Анар ауылындағы сайлаушылармен кездесті. Аталған елді мекендегі «Аян» ЖШС тыныс-тіршілігімен танысты.

Тиімді тетік іздеу

Кездесуде кандидат жұрт­шылықты өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. «Аян» ЖШС ұн тартумен, ұн, макарон өнімдерін өндірумен айналысады. Астана маңында пайда болған алғашқы отандық кәсіпорындардың бірі саналатын серіктестік елорданың азық-түлік белдеуіне енген. Кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді, алайда соңғы кездегі астық бағасының күрт өсуіне байланысты белгілі бір қиындықтар туындаған. Ком­панияның өз алқабынан алған біршама шикізаты бар. Бірақ ол мәселені шешпейді.

– Бұл тұрғыдан келгенде мұндай кәсіпорындар нарықта арзан шикізат іздеп аласұрмай, шикі­зат жеткізушілерін нақ­ты анықтап, айналасында орналас­қан тауар өндірушілермен екі жаққа да қолайлы бағамен ұзақ мерзімді перспективада жұ­мыс істеуі керек. Өңдеу кәсіп­орындары несиелерінің пайыз­дық мөлшерлемесін субсидия­лап, оларға фермерлерден ауыл­ша­руашылық өнімдерін арзан не­сиелермен сатып алатын жағ­дай жасауға болады. Сонда фер­­мерлердің де, ұн тарту­шы­лардың да, ең бастысы, ұн мен нан тұтынушылардың, яғни Қазақ­станның барлық азаматы­ның мүддесі қорғалады. Біз экс­портқа бағдарланған елміз, сол себепті астық бағасын тұрақ­тан­дыру мақсатында экспортты жабуға болмайды, – деді Ж.Дайрабаев.