
Кездесу барысында үміткер бағдарламасының негізгі тармақтары жайында сөз қозғады. Өз сөзінде Нұрлан Әуесбаев сайлауалды бағдарламасының негізгі бағдары адам екендігін мәлімдеді. Үміткер атап өткендей, мемлекетпен жасақталған әлеуметтік лифттерден бүгінгі күні пайда жоқ. Сол себепті әлеуметтік қолдау жүйесін құру маңызды.
Үміткердің пайымдауынша, әлеуметтік саясат адамдардың неғұрлым дәулетті санаттарға көтерілуіне, кей жағдайларда кедейлікке ұшырамауына жағдай жасауы керек. Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне де тоқталды. Бұл салада өндірістік жарақат пен жазатайым оқиғалардың деңгейі өте жоғары. Оған себеп – жұмыс берушілердің жұмысшылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуға қаражат бөлгісі келмейтіндігі. Бұл мәселе кандидаттың сайлауалды бағдарламасында жан-жақты қамтылған.
Үміткер жағдайды өзгерту үшін бизнес олигархаттың не мемлекеттің қудалауы мен қысымынан қорықпай, адал жұмыс істеп, салық төлей алатындай қоғамды, бизнесті және мемлекетті тепе-теңдік күйіне қайтару қажет екенін айтты. Сонда ғана ірі компаниялар өздерінің байлығы мен мөлшері үшін жауап беріп, мемлекет болса, өз азаматтарына есеп береді.