Саясат • 02 Қараша, 2022

Астана-Берлин: Толық түсіністік бар

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті.

Астана-Берлин: Толық түсіністік бар

Сенатор Германия Қазақ­стан­ның Еуро­палық Одақтағы маңызды стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. Ол барлық сала­дағы екі­жақты қатынастарда және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Ас­та­на мен Берлин арасында өзара то­лық түсіністік бар екенін жет­кізді.

«Біз елдеріміздің парла­мент­аралық ынтымақтастығын дамы­туға зор маңыз береміз. Екі елдің Парламенттерінде жұмыс істейтін дос­тық топтары біздің парла­мент­аралық диало­гіміздің берік негізін құрайды. Се­наттағы Халықаралық қаты­настар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед топты басқарып келеді», деді депутат.

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхам­мед өз кезе­гінде Мемлекет бас­шы­сының бас­тамасымен елі­мізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы қонақтарға айтып берді. Сенатор алдағы кезектен тыс пре­зидент сайлауы туралы хабардар ете отырып, болашақ президенттің жетіжылдық мерзімге бір рет сайланатыны басты жаңалық еке­ніне тоқталды. Бұл норма, ең алдымен, сая­си жүйенің тұрақтылығы ұзақ мерзімді болуына, билікті монополиялау қаупін жоюға және демократияның негізгі қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

ГФР делегаттары екі елдің ын­тымақ­тастығын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өте келіп, мемлекеттеріміз ара­сындағы дипломатиялық қаты­настар орнаған сәттен бастап 30 жыл ішінде Қазақстан өзін сенімді саяси және экономикалық әріптес ретінде көрсеткенін жеткізді.