Каспий теңізінің арғы жағалауында өтетін дүниежүзілік додада Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы да татамиге шығады. Атап айтқанда, Әзербайжанда ерлер құрамасынан Бауыржан Нарбаев (60 кило), Ғұсман Қырғызбаев (66 кило), Данияр Шамшаев (73 кило), Абылайхан Жұбаназар (81 кило), Ерқанат Молдағұлов (100 кило) және Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кило) белдеседі.
Ал әйелдер сапынан Самалай Ерғалиева (63 кило), Аруна Жангелдина (78 кило), Назерке Тілеуханова (78 кило) мен Камила Берліқаш (+78 кило) ел намысын қорғайды. Айта кетейік, «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстың келесі кезеңі 3-4 желтоқсан күндері Жапония астанасы – Токиода өтеді.