Егемен Қазақстан • 23 Қараша, 2022

«Егемен Қазақстан» газеті жас журналистерге арналған конкурс жариялады

6776 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Егемен Қазақстан» газеті жас журналистерге арналған конкурс жариялады
  1. Жалпы ережелер

1.1. Байқауды ұйымдастырушы – «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС. Орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, 010000, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі 5/13.

1.2. «Егемен Қазақстан» газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы үшін конкурс жылына бір рет жарияланады.

1.3. Конкурсқа 18 бен 35 жас аралығындағы журналистер қатыса алады.

1.4. Үміткерлердің материалдары конкурс жарияланған күннен бастап, 1 ай мерзім ішінде қабылданады (2022 ж. 2 қарашадан бастап 2 желтоқсан сағ.: 18:00-ге дейін).

1.5. Конкурстың тақырыбы жыл сайын өзгеріп тұрады жəне оны «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС редакция алқасы бекітеді.

1.6. Конкурсқа келіп түскен материалдарды «Егемен Қазақстан» газетінің редакция алқасынан құралған комиссия (бұдан əрі – Конкурстық комиссия) бағалайды.

  1. Конкурсқа қатысу шарты

2.1. Конкурсқа «Егемен Қазақстан» газетінде жəне egemen.kz сайтында жарияланған хабарландыруда ұсынылған тақырыпқа сəйкес келетін бағытта жазылған жəне «Егеменнің жүлдесі үшін конкурсқа» деген айдар қойылған материалдар қабылданады.

«Егемен Қазақстан» газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы 2022 жылы «Республикам менің» деген тақырып аясындағы 3 аталым бойынша – «Үздік танымдық материал», «Үздік журналистік зерттеу» жəне «Үздік фоторепортаж» үшін жарияланады. Үміткерлердің мақалалары туған жер, мемлекеттік жəне ұлттық құндылықтар тақырыбын қамтып, тарихи-танымдық тұрғыдан жазылуы немесе өзекті мəселелерді қозғауға тиіс.

2.2. Конкурсқа арналған материалдар Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 интервалында жазылып, көлемі 5 беттен аспауға тиіс. Сапалы суреттерін қоса жіберуге болады.

2.3. Конкурсқа бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған материал мен суреттер ғана қабылданады. Бұл жауапкершілік авторға жүктеледі.

2.4. Конкурсқа арналған материалдар info@egemen.kz электронды байланыс желісіне «Егеменнің жүлдесі үшін конкурсқа» деген айдармен жіберілуі қажет.

  1. Конкурс қорытындысы

3.1. Конкурстық комиссия конкурс қорытындысын материал қабылдау аяқталған күннен бастап, 1 (бір) жұмыс аптасы ішінде шығарады.

3.2. Конкурстық комиссияның шешіміне сəйкес, «Үздік танымдық материал», «Үздік журналистік зерттеу» жəне «Үздік фоторепортаж» деп танылған материалдардың авторлары марапаттауға ұсынылады. Олардың əрқайсысына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы, тұңғыш журналдың редакторы Мұхамеджан Сералин жəне көрнекті қаламгер Шерхан Мұртаза атындағы арнайы диплом, кəдесый жəне 200 000 (екі жүз мың) теңге ақшалай сыйлық тапсырылады;

Қосымша ынталандыру сыйлығы Конкурстық комиссияның ұсынысымен тағайындалуы мүмкін.

3.3. Конкурс жеңімпаздары желтоқсан айының үшінші аптасында марапатталады. Марапаттау рəсімі өтетін уақыт пен орын қосымша жарияланады.