Ауа райы • 02 Қараша, 2022

Алдағы үш күнде жел күшейеді

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық синоптиктердің болжамы бойынша, 3-5 қараша аралығында еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде жел күшейеді

Алдағы күндері ауа-райы отырықшы солтүстік-батыс циклонымен анықталады, сол себепті ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

«5 қарашада республиканың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. 5 қарашада түнде Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде желдің күшеюі күтіледі.