27 Мамыр, 2014

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінде ортақ азаматтық болмайды

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-evrazia-5

АСТАНА. 27 мамыр. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасындағы Еуразиялық одақ таза экономикалық сипатта орнығады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Самат Ордабаевтың сөзіне сілтеме жасаған РБК хабарлады. «Біз келісімшарттың саясаттануынан бас тарттық, деме, одақтың діңгегі таза экономикалық сипатта болады. Қазақстан жағының табанды позициясының арқасында келісімшарттан жалпы азаматтық, сыртқы саясат, парламентаралық ынтымақтастық, паспорт-виза саласы, жалпы шекара күзеті, экспортты бақылау секілді мәселелер алынып тасталды», - деп мәлімдеді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі. «Одақ құру оған қатысушы елдерді қазіргіден де жоғары интеграциялық деңгейге көтереді. Үш мемлекет тауарлардың, қызмет түрлерінің, капитал мен жұмыс күштерінің еркін қозғалуына, экономиканың жетекші салалары – энергетикада, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлік жүйесінде өзара үйлескен саясат жүргізуге кепілдік міндеттемесін қабылдайды», - делінген Ресей Президенті әкімшілігінің хабарламасында. Кремльдегілер Одақтың құрылуы енді 170 млн. адамдық ірі ортақ рынок аумағының «экономикалық дамудың жаңа қуатты орталығына» айналатынын айтып отыр. Сондай-ақ Астанада өтетін кездесуде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінің аясы кеңейе түсуі, оған Арменияның кіруі, ал кейінгі болашақта Қырғызстанның да қосылуы мүмкін екені күтілуде. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: РБК. Фото: www.vestifinance.ru.