Саясат • 03 Қараша, 2022

Заңнаманы жетілдіру байыпталды

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Андрей Лукин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Пар­ламенттік Ассамблеясы Саяси мәселелер және халықаралық ын­ты­мақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысына қатысты.

Заңнаманы жетілдіру байыпталды

Андрей Лукин ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерде сайлау процестері мен егемендікті қорғауды қам­тамасыз ету саласындағы заңна­маны жетілдіру мәселелерін әріп­тестерімен талқылады.

Сенатор Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында жасалған ха­лықаралық шарттарды рати­фикациялау барысы туралы ақпа­ратты тыңдады.

Парламентшілер шара қоры­тындысы бойынша Ұжымдық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымы Парла­менттік Ассамблеясының 2023 жылға арналған жұмыс жос­парының жобасын талқылады.