Саясат • 03 Қараша, 2022

Баға тұрақсыздығы бақылануы қажет

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы базарға барып, аймақтық азық-түлік нарығындағы жағдаймен танысты. Сатушылармен, сатып алушылармен, өнім жеткізушілермен кездесті.

Баға тұрақсыздығы бақылануы қажет

Сатып алушылар тарапынан бағаларға қатысты көптеген сұрақ туындады. Негізінен бағаның тұрақсыздығы, оның үнемі көтерілетіні, тауардың қымбаттығы туралы айтылды. Сатушылардан «отандық тауар өндірушілерден тауарларды жүйелі түрде жеткізу жоқ, сондықтан импорттық дайын өнімдермен жұмыс істеуге тура келеді» деген шағым болды.

– Азық-түлік тауарлары бағасының тұрақты өсуі – елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей төнген қауіп. Азық-түлік қауіпсіздігі элементтерінің бірі – азаматтардың қолжетімді, қолайлы бағамен азық-түлік сатып алу мүмкіндігі. Бұл біздің елде жоқ. Мұның бәрі реттелуі үшін ең бастысы, күшті қолдау қажет. Қаптамаға ыңғайлы, сапалы, сұрыпталған өнім көп болуы керек. Ол үшін кооперативтер, сату кооперативтері құрылуға тиіс. Мемлекеттің аграрлық саясатын үйлестіру қажет. Ол үшін ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын құру маңызды. Ауыл еңбеккерлерінің ауылда өндіретін өнімдерін дәл осы ұйымдар сатып алып, қалаға жеткізеді. Мұның бәрі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кооперациясы негізінде болуға тиіс. Бағалар қолайлы болуы үшін ауылшаруашылық өнімдерін көбірек өндіріп, сапалы өнім шығару керек, – деді кандидат.