Саясат • 03 Қараша, 2022

Зейнеткерлерді не алаңдатады?

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова өзінің сайлауалды үгіт-насихат сапарында Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы» зейнеткерлермен кездесті.

Зейнеткерлерді не алаңдатады?

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда зейнет жасындағы 2,25 миллионға жуық азамат бар. «Бұл белгілі бір проблемалары мен қажеттіліктері бар адамдар. Белсенді және ақыл-ойы толысқан жандар. Менің мақсатым – америкалықтар немесе қытайлықтар сияқты Қазақстандағы осы жастағы азаматтардың Еуропадағы мұражайларды көру үшін демалысқа шығуына немесе Африкаға сафариге баруына мүмкіндік жасау. Барлық азаматтар үшін лайықты және қауіпсіз қарттық – менің арманым», деді Салтанат Тұрсынбекова.

Кандидат орталыққа келушілермен бірге спорт жаттығуларын жасап, әңгімелесіп, тіпті би биледі. Мұндағы әйелдердің денсаулығы жақсы. Олар спорттың кез келген түрін еркін меңгеріп, қиын деген жаттығуларды оп-оңай орындайды. Дегенмен, оларды алаңдататын бір жайт бар. Зейнетақының аздығы, мемлекет тарапынан жақсы әлеуметтік қолдаудың жоқтығы, баспана тапшылығы, кейбіреуін жалғыздық мұңайтады. Салтанат Тұрсынбекова орталық мүшелерінің барлық арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, зейнеткерлерге көмектесу және тұрмысын жақсарту мақсатында ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін арттыруды (зейнетақы жинақтары мен жәрдемақылар), қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың қарыздарын жоюды назарға алатынын жеткізді.