27 Мамыр, 2014

Еуразиялық одақ аясында қазақ тiлi тең дәрежеде қолданылады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-evrazia-7

АСТАНА. 27 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақ аясында қазақ тiлi тең дәрежеде қолданылады. Бұл туралы бүгiн Орталық Коммуникациялық қызметте өткен брифингте Әдiлет министрiнiң орынбасары Эльвира Әзiмова мәлiмдедi. «Құрылғалы отырған ЕАЭО келісімшартының жобасында мүше елдердiң мемлекеттiк тiлiн құрметтеу арқылы ұлттық мүдденi сақтау көзделген. Осылайша, Комиссия шешiне сәйкес, шешiмдер комиссияның ресми сайтында одақтың ресми тiлi – орыс тiлiнде ғана емес, мемлекеттiк тiлде де жариялануы тиiс. Комиссия жолдаушы адамның тiлiнде жауап беруге мiндеттi. Сонымен қатар шарттың үш тiлдегi нұсқасына қол қойылады», - дедi ол өз сөзінде. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Bnews.kz. Фото: xn--b1ae2adf4f.xn--p1ai.