3 қараша күні сағат 03:03-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болды. Оқиға кезінде шахтада 106 қызметкер болған. Оның 101-і жер бетіне көтерілген, 5 адам қалып қойған.
«4 шахта жұмысшысының қаза тапқаны анықталды. Олар Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады әкімдік.
Оқиға орнына компания басшылығы, облыс және қала әкімі барды. «Көмір» жедел-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.