Оқиға • 04 Қараша, 2022

Алматы маңында жер сілкінді

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы маңында жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы - 3,9. Эпицентр координаттары 42,09°, солтүстік 80,50°Ш. Тереңдігі - 15 км.

Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелген жоқ.