Ауа райы • 04 Қараша, 2022

Бірқатар өңірде қар, жаңбыр және көктайғақ күтіледі

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның барлық аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Синоптиктердің болжамы бойынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар өңірде қар, жаңбыр және көктайғақ күтіледі

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте – төменгі боран, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – көктайғақ күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қар жауады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі.