Аймақтар • 05 Қараша, 2022

Петропавлды қар басып қалды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда жұма күні кешке қалың қар жауа бастады. Сенбі күні қалада қарлы боран мен көктайғақ болды, соның салдарынан жолдарда оннан астам апат орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлды қар басып қалды

сурет: sputnik.kz

Қазір Петропавл көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қалалық қызметтер дереу жолдарды қардан тазартуға кірісті.

«Өкінішке орай, ауа-райының қолайсыздығына байланысты бір тәулікте қалада 14 жол-көлік оқиғасы орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір ауа-райы нашарлады, көшеде көктайғақ бар. Сондықтан жолдарда абай болуға шақырамын», деді қала әкімі Руслан Анбаев.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, таңғы сағат 8-ден бері жол-көлік оқиғасы туралы бес хабарлама келіп түскен.