Әлем • 05 Қараша, 2022

Ресейде түнгі клубта болған ірі өрттен жеті адам қаза тапты

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Кострома қаласындағы түнгі клубта болған ірі өрттен жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейде түнгі клубта болған ірі өрттен жеті адам қаза тапты

Сенбі күні Ресейдің Кострома қаласындағы «Полигон» түнгі клубында болған ірі өртте жеті адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Бұл туралы Кострома облысы прокуратурасы мен төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Сенбіге қараған түні Костромадағы «Полигон» дәмханасында ірі өрт шықты. Кафе ғимаратынан 250 адам эвакуацияланды.