Оқиға • 05 Қараша, 2022

Алматы маңында жер сілкінді

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 5 қарашада Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы маңында жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 33 шақырым жерде Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 7.9. MPV магнитудасы - 3,6. Эпицентр координаттары 42,91° солтүстік 76,95° шығыс. Тереңдігі - 15 км.

Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелген жоқ.