Ауа райы • 06 Қараша, 2022

Еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің мәліметінше, 7 қарашада еліміздің бірқатар облысында тұман, қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды

Атап айтқанда, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, төмен қарлы боран күтіледі. Батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Петропавлда күндіз қар жауып, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман     болады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында тұман болады. Күннің соңында оңтүстікте және облыс орталығында оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Алматы, Қонаев қалаларында 7 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысында, Талдықорғанда 7 қарашаға қараған түні тұман болады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман болады. Шымкентте таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, 8 қарашада таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с жел соғады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде және Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.