Халықаралық ағаш үрмелі аспаптар академиясы мұғалімдер мен жетекші солистер – Сон Хюн Чо (Оңтүстік Корея), Томас Хатчинсон (Жаңа Зеландия, Франция), Роман Люк (Германия, Франция) және Джованни Пунци (Италия) ұсынған төрт күндік практикалық семинарлардан тұрады. Бұл жоба көктемде құрылған Флейта академиясының жалғасы іспетті.
Академияға Алматы, Астана және Қарағанды қалаларынан іріктелген 40 қатысушы конкурстық негізде шақырылды. Олар жетекші халықаралық мамандардың басшылығымен практикалық білімді тегін игереді. Ұйымдастырушылар үшін жас орындаушылардың, музыканттардың кәсіби дамуына қатысты толғандырған сұрағына жауап беріп, сондай-ақ қоғамдастық арасындағы байланысты нығайту маңызды. Академияның шеберлік сыныптары еркін тыңдаушылар үшін ашық болады, бұл үрдісті бақылауға, білімін жетілдіре түсуге және осы ортадағы әріптестерімен танысуға мүмкіндік береді.
«Біз үшін академиялық ортаны дамыту жұмысы 2018 жылы басталды. Сонда серіктестеріміздің арқасында үрмелі аспаптарда ойнайтын дарынды орындаушылар үшін атаулы шәкіртақы тағайындадық және үрмелі аспаптарда ойнауды үйренетін дарынды оқушылар мен студенттерге арналған екі республикалық байқау өткіздік», дейді Батырхан Шөкенов атындағы қордың директоры Наргиз Шөкенова.
Академия Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында өткен салтанатты Гала-концертпен аяқталды.
Баян МҰРАТБЕКҚЫЗЫ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті