Саясат • 07 Қараша, 2022

Білімге алыпсатарлық жат

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Өскемендегі «Каравай» ЖШС ұжымымен кездесті.

Білімге алыпсатарлық жат

Жұмысшылармен кездесуде кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының мақсат-мүдделеріне тоқталды. Атап айтқанда, отбасының қаржылық жағдайына қарамастан оқушының немесе студенттің мәртебесін көтеріп, білім беру сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Мен ауылдан қалаға дейінгі барлық деңгейде қолжетімді және сапалы білім беруді қолдаймын. Балалар тек элиталық мектептер мен университеттерде ғана емес, кез келген білім ордасында сапалы әрі жан-жақты білім алуы керек. Бұл бағытты бизнеске айналдыруға болмайды. Өйткені білім тұлға қалыптастырады. Ал бизнестен қандай тұлғалар шығуы мүмкін?», деді М.Қажыкен.

Сондай-ақ жиында ауыл шаруашылығын, медицинаны, кәсіпкерлікті, әлеуметтік саланы дамыту тақырыбында да пікір алмасулар болды.

«Өскемен СЭС АЭС» ЖШС-на барған Мейрам Қажыкен станса қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Жұмысшылар ГЭС сияқты ірі нысандарды жеке инвесторларға беруге қалай қарайтынын сұрады. «Бұл жайлы әңгімені нақты кесіп айту қиын. Мен нысандардың шетелдік инвесторлардың қолында болғанын қаламайтынымды анық айта аламын. Бірақ мемлекеттің қолында болу да ең жақсы шешім емес. Өйткені бұл жерде көп мәселе мен кедергілер, бюрократия пайда болады», деп бұл сұраққа қатысты өз ойын ашық білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024