Саясат • 07 Қараша, 2022

Ғылыми зерттеулер қаржыға зәру

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев өзі білім алған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері, оқытушылары және қызметкерлерімен, сондай-ақ курстастарымен кездесті. Кездесу барысында үміткер жиналған қауымды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныс­тырып, «Ауыл» партиясы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Ғылыми зерттеулер қаржыға зәру

Әлемнің жетекші аграрлық державаларының тәжірибесі ауыл шаруашылығын табысты дамыту тек ғылым, білім, өндірістің интеграциясы негізінде ғана мүмкін екендігін дәлелдеді.

«Қазақстанда аграрлық ғылым, бұл салада мықты ғалымдар бар екендігін айту керек. Өкінішке қарай, олардың ғылыми-зерттеу қызметінің сапалы нәтижелері аграрлық өндіріске жетпейді. Іске асыру жүйесі жұмыс істемейді. Фермерлерге жаңа технологиялар мен тұқымдар туралы білім беру орталықтарын құруға ерекше назар аудара отырып, осы бағытта түбегейлі өзгерістер жасау қажет. Нақты жұмыс істейтін ғалымдар лайықты жалақы алуы үшін аграрлық ғылымды қаржыландыру жүйесін өзгерту маңызды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыратын агроқұрылымдарды ынталандыру мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістерді соңына дейін жеткізу қажет. Ғылыми-зерттеу институттарын қаржыландыру кешенді және жүйелі болғаны абзал. Ғылыми мекемелер жұмысын тоқтатуға рұқсат беретін шенеуніктер жауапкершілікке тартылуға тиіс», деді Жигули Дайрабаев.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024