Саясат • 07 Қараша, 2022

Штаб жұмысы белсенді

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қарақат Әбден республикалық сайлауалды штаб өкілдерімен кездесіп, үгіт-насихат науқанының барысымен танысты.

Штаб жұмысы белсенді

«Үміткер сайлауалды жұмыс сапарымен ел өңірлерін аралап жүр. Бүгінге дейін сайлаушылармен 20-дан астам кездесу өткізілді. Кездесулер барысында Қосшы, Қарағанды, Екібастұз, Павлодар, Семей, Талғар, Есік, Ақтөбе қалалары қамтылды. Сондай-ақ ауылдар мен аудандар да назардан тыс қалмады. Кездесулерде көбіне әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдар келіп түсті. Бұдан бөлек, Қарақат Әбденнің сенімді өкілдері мен жергілікті штаб басшылары да үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Жалпы, республика бойынша үміткердің 20 сайлауалды штабы бар, 2 мыңға жуық ерікті жұмылдырылды. Үлкен аудан орталықтарында да штабтар жұмыс жүргізуде», деді республикалық штаб басшысы Арман Оразқұлов.

Бұдан кейін Қ.Әбден ТМД-ның байқаушылар миссиясы штабының басшысы Евгений Козяк пен осы ұйымның мүшесі Алла Харченкомен кездесті. Кездесу барысында үміткер үгіт-насихат науқанының барысы мен сайлауалды штабтарының жұмысы туралы әңгімеледі. Бұдан бөлек, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тұстарына тоқталды. Халықаралық байқаушылар үміткердің өзі де, оның сайлауалды бағдарламасы да ерекше екенін атап өтті. «Үміткер тарапынан айтылған барлық мәліметті саралап, өзіміздің қорытынды құжаттарымызға енгіземіз», деді Евгений Козяк.