Пікір • 07 Қараша, 2022

Ел еңсесін тіктейтін құжат

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет» қағидатына жол ашатын маңызды алты заңға қол қойды. Бұл заң жобаларының Мемлекет басшысының реформаларын нәтижелі жүзеге асыруда маңызы зор.

Ел еңсесін тіктейтін құжат

Әрине, отыз жылда қордаланған, асқынған мәселелерді үш жылдың ішінде түбегейлі шешіп тастау оңай емес. Қаңтар оқиғасынан бергі бір жылға да толмайтын қысқа мерзім ішінде қаншама қыруар жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде ескі жүйенің үйреншікті мінезінен меселі қайтқан халық бүгінгі жаңа жүйенің кешенді реформаларына сеніммен қарап, игілігін көре бас­тады.

Саяси процестің әділдігін, ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында он үш заң қабылданды. Соның негізінде саяси реформаның төрт топтамасы жүзеге асырылды. Жоғарғы билікті меншіктеп алуды әдетке айналдырған кешегі ескі биліктің үйреншікті әрекетіне тойтарыс берілді, тамырын жайып алған саяси монополия тізгінделді.

Мемлекеттегі заң құзыретін күшейту, қоғамды демократияландыру мақсатындағы бұл реформалар алдағы уақытта күшейе түседі деген сенім мол. Президент қол қойған алты заң алдағы жеті жылда ел еңсесін, мемлекет мерейін көтеруге заңды тірек болары сөзсіз.

 

Аманжол ӘЛТАЙ,

Мәжіліс депутаты