Пікір • 07 Қараша, 2022

Омбудсмен институтының салмағы артады

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент жария түрде қол қойған алты заңның бірі – «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң. Демократиялық дамудың басты шарттарының бірі – құқықтар мен бостандықтар институтының қызметі. Оның жұмыс істеу қабілеті мен заң шығару кеңістігі – демократиялық мемлекеттің өмір сүруінің негізі.

Омбудсмен институтының салмағы артады

2022 жылы Қазақстан демо­кратиялық дамуының жаңа кезеңіне аяқ басып, саяси жүйенің негізгі бағыттары бойынша заңнаманы жетілдіру шараларын қабылдады. Соның бірі биылғы референдумда қабылданған Конституцияға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін бекітетін өзгертулер болды.

Тиісінше, «Қазақстан Респуб­ли­касындағы Адам құқықтары жөнін­дегі уәкіл туралы» конституциялық заң­ның қабылдануы логикалық қа­дам. Бұл заң Адам құқықтары жөнін­дегі уәкілдің құқықтары мен өкілет­тік­­терін конституциялық деңгей­де айқын­дайды. Бұл омбудсмен инсти­ту­тының салмағын айтарлықтай арттырады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің медиациялық қызметі маңызды мәселе. Ол мемлекеттік органдар, әкімдіктер, басқа да ұйымдар мен азаматтар арасындағы дауды шешу үшін қоғамдық диалогке қатыса алады. Бәлкім, бұл азаматтарға қатысты осындай іс жүргізу статистикасына оң әсер етіп, мемлекеттік органдар жұмысындағы бюрократиялық кемшіліктерді жоюға прецеденттер жасап, оны одан әрі қайта қарауға және жетілдіруге ықпал етеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың алдында тәуелсіз болуы мен есеп бермеуінің конституциялық-құқықтық бекітілуі де маңызды. Бұл оның орбитасына енгізілген істер адам мен азаматтар құқықтарының жоғары басымдылығы қағидаты негізінде мүмкіндігінше объективті түрде қаралатынын көрсетеді. Сонымен қатар адам құқықтарын дамыту және қорғау мақсатында уәкілге адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу құқығы берілді.

Осылайша, Омбудсмен туралы конституциялық заңның қабылдануы қазақстандық демократия тарихының жаңа кезеңін бастады. Бұл Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын нығайту жөніндегі алдағы шараларға негіз болатыны сөзсіз.

 

Татьяна ЛИПИНА,

Президент жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері