Қоғам • 07 Қараша, 2022

Алматыда Kitap Fest Kids кітап фестивалі өтті

906 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласында BAURZHAN foundation қоры ұйымдастырған KITAP FEST кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Kitap Fest Kids кітап фестивалі өтті

Айта кетсек, ауқымды фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Жобаның басты мақсаты - оқырман мәдениетін дамытып, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құрып, балалар мен жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру.

«8 жыл ішінде Kitap Fest Алматының кітап сүйер қауымы үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін сүйікті алаңға айналды. 2019 жылы фестивальді елордада өткіздік және жыл сайын мүмкіндіктер шекарасын кеңейтіп, үздіксіз дамуға тырысамыз. Жақын арада кітап фестивалін еліміздің басқа қалалары мен өңірлерінде де өткізуді жоспарлап отырмыз, себебі оған үлкен қызығушылық пен сұраныс бар», деді Kitap FEST кітап фестивалінің бас үйлестірушісі Майра Әлжанова.

10 сағаттық Kitap FEST фестивалінің мәдени бағдарламасында - фестиваль қонақтары кітаптармен өзара алмасуға, ұнаған кітаптарды жеңілдікпен сатып алуға немесе оларды толығымен тегін алуға мүмкіндік алды. Биылғы кітап фестивалінде әр түрлі жанрдағы 3000-нан аса кітап тегін таратылды.

Фестивальде 30-ға жуық жазушы, мәселен Ермек Тұрсынов, Әсел Сапақова, Лиля Калаус, Константин Нагаев және басқа да көптеген авторлар өздерінің жаңа кітаптарын таныстырды. Қаламгерлер қазіргі әдебиеттегі өзгеріп жатқан тенденция туралы өз ойларымен бөлісті. «Офлайн кітаптар туралы» шатырда танымал балалар жазушылары және блогерлер қауымы өз тәжірибелерімен бөлісті. Кітап жәрмеңкесінде кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендері өз өнімдерін көрмеде 20%-ға дейінгі жеңілдікпен сатты. Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы аясында аниматорлар, театр қойылымдары, шеберлік сыныптары, аквагрим мен түрлі қызықты байқаулар келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Фестиваль шеңберінде алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы өткізілді, онда кез-келген оқырман өз кітабын әкеліп, Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыруға көмектесті.

шо

Қазақстандық белгілі жазушы және сценарист Лила Калаус Бату мен оның достарының шытырман оқиғалары туралы жаңа кітабын ұсынды. Жазушының пікірінше, Kitap Fest шығармашылық кездесулер үшін беделді және қуатты алаңға айналды.

«Қазақ тілді кітаптардың ассортименті кеңейіп келе жатқаны қуантады. Соңғы жылдары көп туынды қазақ тіліне аударылды. Қазақ тіліндегі кітаптардың көптігі өте жақсы, біз өте дұрыс бағытта келе жатырмыз», дейді жазушы.

Фестивальде «Мама, қазақша сөйлеші» орыс-қазақ сөздігінің және қазақ тіліндегі балаларды дамыту кітаптарының авторы Әсел Сапақова баланың жеке басының дамуындағы әдебиеттің рөлі туралы айтып берді.

«Ұйымдастырушыларға осындай керемет іс-шара үшін алғыс айтқым келеді. Биыл фестивальде халық саны көп болды, біздің мақсатты аудиториямыздың көп бөлігі келді десек те болады. Барлық кітаптар дерлік сатылды. Осындай шаралардың өркендеуін және кітапсүйер қауымның қатары артсын деп тілеймін», деп атап өтті жазушы.

ьор