Саясат • 08 Қараша, 2022

Кәсіподақты дамыту қажет

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбе қаласындағы «СтройДеталь» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

Кәсіподақты дамыту қажет

 

 

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыру бары­сында әлеуметтік әріптестік институтын дамытудың, тәуел­сіз кәсіподақтар мәртебесін көтерудің, экономика мен еңбек­ақы төлеу жүйесін реформалаудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 90 пайызы – кәсіподақ мүшесі. Осыған байланысты кандидат еңбекшілердің мүдделерін қорғайтын ұйымдардың мәртебесін көтеруге баса назар аударды.

«Бәріміз жоғары табыс алғымыз келеді. Бұл біз үшін кіріс болса, жұмыс беруші үшін шығын. Сондықтан жалақы мөлшерінің қандай болуы керектігін, оны қалай көбейтуге болатынын талқылау қажет. Бұл мәселені салалық деңгейде шешкен жөн. Ол үшін қызметкерлер өз құқықтарын қорғау мақсатында кәсіпкерлермен және  жұмыс берушілермен бірлесіп еңбекақы төлеу жүйесін әзірлейтін салалық кәсіподақтарға сенім артуға тиіс», деді М.Қажыкен.

Кандидат «кәсіподақтар арасынан ұсынылдым, демек бар­лық жұмысшы көтерген мәселелерді шешу жауапкершілігі жүк­телген» деді. Үміткер сапалы және қолжетімді білім беруді, ден­саулық сақтау саласын қаржыландыруды және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тұрғын үй беруді қолдайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар

«Сары тентек» сарыны

Әдебиет • Кеше

Ұлытау ұлары

Тұлға • Кеше

Тағдыр тәпсірлері

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Абай тапсырған асатаяқ

Жәдігер • Кеше