Қоғам • 08 Қараша, 2022

«Заң керуені» аудан аралап жүр

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев және өңірлік құқық қорғау органдарының басшылары аудандарды аралап, жергілікті халықпен кездесіп, әрбір тұрғынның арыз-шағымы бойынша жеке қабылдаулар өткізуді қолға алды.

«Заң керуені» аудан аралап жүр

Осындай кездесулер кезінде облыс прокуроры Нұрлан Бижанов Арал ауданында 10-ға жуық тұрғынды қабылдап, жеке мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғынның бірі аралдық З.Өтенов білім беру ұйымдарының «Мектеп меню» қосымшасын пайдалану үшін негізсіз қаржы төлетіп отырғанын айтып, шағымданды. Мәселенің мән-жайымен танысқан облыс прокуроры кәсіпкерге заң талаптарын түсіндіріп, ықпал ету актісін енгізіп, жағдайдың бақылауда болатынын жеткізді.

Ал Қамыстыбас ауылының тұр­ғы­ны Б.Тілеубайқызы баласына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойын­­ша шағымданды. Қыл­мыс­тық құқық бұзу­шылық басқа облыста тіркел­ген­діктен тұрғынға тиісті қада­ғалаушы проку­ратураға жүгіну үшін көмек көрсетіледі.

Облыс прокурорының Қаза­лы ауданында өткізген жеке қа­былдауында 6 азамат болып, бір тұрғынның арызы қабылданды. Қабылдауда болған азаматтардың 5-і қылмыстық істердің тергелуіне және әкімшілік істердің сотта қа­ралуына қатысты мәселелермен жүгінсе, бір азамат дәрі-дәрмекті рұқсат қағазбен беру мәселесін көтерді. Ал әлеуметтік желі белсендісі Д.Дастенова өзінің негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны жөнінде және аудан­да болып жатқан құқық бұзу­шылықтар бойынша шара қолдану мәселесін көтерді.

Алдына арыз-шағыммен келген әр азаматтың мәселесін мұқият тыңдаған өңірдің бас прокуроры өтініштер бойынша қойылған талаптардың орындалуын өз бақылауына алатынын жеткізді.

Қармақшы ауданында өткен жеке қабылдау барысында да тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді. Бұл өңірде, атап айтқанда, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жекелеген ұйымдардың қызметіне қатысты мәселе, соттардың қарауындағы қылмыстық және азаматтық істер және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер көтерілді.

Н.Бижанов жеке қабылдауға келген әрбір тұлғаға заң талаптарын түсіндіріп, мәселенің шешу жолдары бойынша бағыт-бағдар берді. Қазіргі таңда облыстық прокуратураның мұрындық болуымен өңірдегі барлық елді мекенде «Заң керуені» акциясы іске асырылуда. Бұл іс-шараның басты мақсаты – барлық аудан, ауылдарға барып, тұрғындармен кездесу, халықтың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін қарап, құқықтық көмек көрсету. Акция аясында құрылған мобильдік топтар шалғайдағы ауыл-аймақ­тарда да жұмыс істеуде.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ,

Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы

Соңғы жаңалықтар

«Сары тентек» сарыны

Әдебиет • Кеше

Ұлытау ұлары

Тұлға • Кеше

Тағдыр тәпсірлері

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Абай тапсырған асатаяқ

Жәдігер • Кеше