Президент • 08 Қараша, 2022

Атырауда Қазақстанға еңбек сіңірген азаматтар марапатталды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Атырау өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Қазақстанға еңбек сіңірген азаматтар марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

II дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Қайрат Қыдырбайұлы Ищанов;

«Парасат» орденімен «Атыраугидрогеология» ЖШС ғылыми кеңесшісі Едіге Сабуров;

«Құрмет» орденімен «Атырау облыстық кардиологиялық орталығы» КМК директоры Марат Нұрышұлы Қонысов;

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Ембімұнайгаз» АҚ «Доссормұнайгаз» МГӨБ операторы Сафи Қаниұлы Сәтмағамбетов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Атырау облысы Д.Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің домбырашысы Жәнібек Жантұрсынұлы Жәмиев марапатталды.