«Жалпы, әр өңірдегі іскер азаматтар, ең алдымен, өзінің туған жерін көркейтуге атсалысуы керек. Біз қоғамда өзара жауапкершілік идеологиясын, меценаттық қызметті дәріптей беруіміз қажет. Мұның бәрі өркениетті қоғам құру үшін өте маңызды.Әркім «Атырауға әкелер ме ем бір тауды» деп жырлаған Табылды Досымов сияқты туған жерін сүйе алса, туған елінің дамуына үлес қосса, Отанымыз өркендей түсері сөзсіз. Батыс аймақтарға келгенде Әлия, Мәншүк, Хиуаз сияқты қаһарман қыздарымыз туралы айтпау мүмкін емес. Халқымыз қашанда батырларын бағалай білген. Осы аймақтағы әуежайларымыз қазақтың 3 батыр қызының есімімен аталуы – соның айқын көрінісі. «Ер есімі – ел есінде» деген сөз бар. Біз ұрпақтың санасы сергек болсын десек, ел үшін ерлік жасаған ұл-қыздарымыздың есімін есте сақтауымыз керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным», деп сөзін аяқтады Мемлекет басышысы Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында.
Мемлекет басшысы ұрпақтың санасы сергек болсын десек, ел үшін ерлік жасаған ұл-қыздарымыздың есімін есте сақтау керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасы: «Бәйтерек» кәсіпкерлерді қолдауды жалғастырады
Сұхбат • Бүгін, 17:25
Embraer ұшағының өндірушілері Қазақстанға келді
Оқиға • Бүгін, 17:10
Ел құтқарушыларының қауіп-қатер шегіндегі оқиғалары
Қоғам • Бүгін, 17:00
Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:20
Үкіметте «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті
Үкімет • Бүгін, 15:49
Ақтаудағы апат: Президентке көңіл айту жеделхаты келіп түсті
Президент • Бүгін, 15:25