Саясат • 08 Қараша, 2022

Президенттікке үміткерлердің теледебатына 63 млн теңге жұмсалады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Хабар» арнасында теледебат ұйымдастыруға 63 млн теңге қажет. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Президенттікке үміткерлердің теледебатына 63 млн теңге жұмсалады

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова хабарлағандай, президент сайлауы аясында кандидаттардың теледебатын өткізуге бөлінетін қаражат Орталық сайлау комиссиясының шығыстар сметасында көзделген.

«Кандидаттар арасында пікірталас өткізуге шамамен 63 млн теңге қажет», деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

«Хабар» телеарнасы Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов мұндай соманың бөлінгенін растады.

«Бұл қаражат студияны ұйымдастыруға, жарыққа, тікелей эфир кезінде байланыс орнатуға, қосымша персоналды жалдауға бағытталады», деді Д. Жиенқұлов.

Айта кетсек, кезектен тыс президент сайлауына түскен кандидаттардың телевизиялық дебаттары 11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.