Білім • 08 Қараша, 2022

Педагогтердің құқығы қорғалады - министрлік

4767 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұғалімдер құқықтары бұзылған жағдайда Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-чатына жаза алады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Педагогтердің құқығы қорғалады - министрлік

Ол үшін арнайы чат іске қосылды. Қазірдің өзінде чатқа 2 мыңнан астам адам тіркелген.

Бұл чатта мұғалімдер өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Мысалы, міндеттен тыс функцияларға тарту, шамадан тыс есеп беру және т.б.  Телеграмдағы чатқа келген барлық ақпарат тексеріліп, департамент мамандары жауап беретін болады. 

«Мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден босатылды. Қазіргі күні педагогтер күніне тек екі құжатты, яғни сынып журналын мен қысқа мерзімді (сабақ) жоспарын толтыруы керек. Құжаттардың нақты тізімі бар және оны барлығы сақтауы қажет. Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден басқа құжаттарды толтыруды талап етуге құқығы жоқ. Егер мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілері анықталса, онда комитет тиісті шараларды қабылдайды. Сонымен қатар өңірлерде аумақтық департаменттер жанынан педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейтінін еске саламыз», деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.