Қоғам • 08 Қараша, 2022

Студенттің айлық табысы 1 миллион

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

19 жастағы студент айына 1 млн теңгеге жуық табыс табады дегенге сенесіз бе? Сенуге тура келеді! Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі – Сүлеймен Демирел атындағы университеттің (СДУ) 4-курс студенті Бексұлтан Айтен бүгінде тамақ тасушы дрон құрастырып, одан бөлек сандық технология саласындағы жобаларын жарыққа шығарып, өз еңбегінің арқасында айына 1 млн теңге шамасында ақша тауып жүр.

Студенттің айлық табысы 1 миллион

Б.Айтен – Сыр өңірінің тумасы. Қызылордада 6 сыныпқа дейін білім алып, кейін алып шаһар Алматыда оқыған. 2019 жылы Қаскелеңдегі СДУ-ға түскен. Бүгінгі таңда инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінде «компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша оқиды. Ал оның инженерияға деген қызығушылығы бала кезінде басталған. Ойының ұшқырлығын университет қабырғасында ұштап, ұстазы Назим Ибрагимовтің жетекшілігімен ассистент ретінде оқу ордасының ішінде орналасқан технопаркте инженерия ісімен айналысады. Оның айтуынша, бұл орын – роботтехниканы меңгерген мамандарға таптырмас мүмкіндік. Мұнда кез келген студент өзінің идеясын шын мәнінде жүзеге асыра алады.

Технопаркте күні-түні жұмыс істеуінің арқасында Бексұлтан Айтен бүгінде кеңістікті қанатымен бағындыратын дрон ойлап тапқан. Онысы жай ұшатын құрылғы емес, тамақ және басқа да жүктерді тасымалдайды. Жас кәсіпкердің бұл жобасына бүгінде жеңіл тамақ өнімдерін дайындайтын, қазіргі заманның тілімен айтқанда, «фаст-фудпен» айналысатын компаниялар қызығушылық танытып отыр. Оның айтуынша, осындай бағытта қызмет ететін курьерлер күніне 20 шақты тапсырыс орындап, айына 200-300 мың теңге табыс табады.

Бексұлтанның бастамасымен оның командасы бірігіп жасаған дрондардың нақты саны қазіргі уақытта алтыға жеткен. Олардың әрбірінің атқаратын қызметі мен көтеретін жүк шамасы бір-біріне ұқсамайды. Мәселен, біреуі тамақ тасыса, екіншісі әуеден түсіреді, келесі біреулері су тасиды, дәрі себеді деген сияқты. Соның ішінде сұранысқа ие болып отырғаны – жоғарыда аталған тасымалдаушы міндетін атқаратын құрылғылар.

 

Дидар МӘЛІКҰЛЫ

 

Алматы облысы,

Қаскелең қаласы

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024