Қоғам • 08 Қараша, 2022

Еңбекке ерекше көзқарас

794 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев үнемі өз жолдаулары мен үндеулерінде адал да таза еңбек етіп, өз мамандығының қыры мен сырын өте жоғары деңгейде меңгерген адам ғана еліміздің экономикасын дамытуға өз үлесін қоса алатынын еске салып отырады. Президенттің «Еңбекқорлықты ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз» деген сөзі біздің жоғарыда айтқанымызға айқын дәлел бола алады. Қай салада жұмыс істеп, қызмет жасасаң да еңбегіңнің жемісті болуына өзің ғана жауаптысың.

Еңбекке ерекше көзқарас

Иә, кезінде Ұлы Абай да «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген жоқ па еді. Олай болса, қай заманда да «еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» деген халықтық тәмсіл баршамызды еңбек етуге тәрбиелеп келеді. Ал еңбектің жемісін көру қуаныш болса, оның бағаланғанын сезіну де бір бақыт. Адал еңбек қай қоғамда да аса жоғары бағаланған әрі соған лайық құрмет көрсетіліп отырған. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанда еңбек адамы ең бірінші орында тұрады» деуінің де басты себебі осында жатыр.

Ал халықтың бақуатты болуын қамтамасыз ету үшін ең алдымен оны масылдық психологиядан құтқаруымыз қажет. Осы жолда еңбек адамдарын ынталандыру, құрмет көрсету, олардың жетістіктерін дәріптеу маңызды. Біз болсақ, Қазақстан өнеркәсібін дамытуды қолға алған кезден бері осы ұстанымнан айнымай келеміз. Елімізде шығарылатын өнімдердің халықаралық стандарттарға сай лайықты бағасын алып жүргені сол адал еңбектің нәтижесі әрі бұл жетістікте әрбір қарапайым еңбек адамының үлесі бар.

Әділетті Қазақстанның Президенттің пәрменімен ғана емес, әр азаматтың еңбегімен құрылатынын түсіне білген абзал десек, бір орында тұрып бақ күту – ессіздік. Бақ пен ырысқа жету үшін алға қадам басу керек. Тек мақсаты бар, қиындықтан қорықпайтын, еңбектен қашпайтын адам Әділетті Қазақстанның игілігін көрмек.

Иә, әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Сонда ғана Қазақстан халқы бүгінгіден де зор жетістіктерге жететін болады. Әрбір салада жұмыс атқарып жүрген қызметкердің де, қарапайым жұмысшының да еңбегіне тек қана сәттілік серік болсын деп тілеймін!

 

Құрманшәді ОРАЗЫМБЕТОВ,

Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері

 

АСТАНА

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024