Саясат • 09 Қараша, 2022

Тарихи кезеңге қадам

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларымен кездесті.

Тарихи кезеңге қадам

 

Атап айтсақ, штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында облыс шаруаларының және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің мәселелерімен танысты. Іс-шара барысында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген, алдағы жеті жылда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар талқыланды.

«Соңғы үш жарым жылда Қазақстан ауыр сын-қатерлермен бетпе-бет келді. Пандемия, қасіретті қаңтар оқиғасы, бүгінгі геосаяси ахуал еліміздің дамуына өз салдарын тигізді. Соған қарамастан біз тәуелсіздігімізді сақтап, мемлекеттілігімізді нығайтып, бірлігімізді арттыра түстік. Қазіргі таңда еліміз жаңа Әділетті Қазақстан құру жолындағы тарихи кезеңге қадам басып отыр», деді республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ штаб мүшелері Бескөл ауылында жұртшылықпен кездесіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бастамаларды талқылады.

Петропавл қаласындағы Kozybayev University университетінде өткен жастармен кездесуде штаб мүшелері еліміздің барлық жас азаматын өз қабілетін толық жүзеге асыруға шақырды. Штаб мүшелері әсіресе әлеуметтік-экономикалық тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге қатысты сайлау алдындағы бастамаға баса назар аударды.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024