Алматыда Baurzhan foundation қоры ұйымдастырған «Kitap fest» кітап фестивалі өтті. Қазақстанның жалғыз кітап фестивалі болып табылатын ауқымды шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Биылғы «Kitap fest» Балалар жылына сәйкес келеді. Baurzhan қорының құрылтайшысы, жобаны ұйымдастырушы Жұлдыз Омарбектің айтуынша, фестивальдің басты мақсаты – оқырман мәдениетін дамыту, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құрып, балалар мен жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру.
«Кітап оқитын адам өзінің таным көкжиегін, логикасын, ойлау қабілетін дамытады. Жас-кәрі демей, біз бәрінің оқуға қызығушылық танытқанын қалаймыз. Жыл сайын кітап фестивалінде балалар мен ересектер үшін ауқымды бағдарлама ұсынамыз. Арманымыз Қазақстан бойынша фестивальдің аясын кеңейту, өйткені қажеттілік бар. Қазірдің өзінде үлкен жұмыс атқарылды, алар асуларымыз әлі алда деп ойлаймын. Әділетті Қазақстанға оқитын және білімді жастар қажет. Сондықтан да біз кітап оқуды насихаттауды жалғастырамыз», деді Жұлдыз Омарбек.
«Kitap fest–2022» аясында отандық жазушылар жаңа кітаптарын таныстырып, көпшілікпен пікір алмасты. «Офлайн кітаптар туралы» шатырда танымал балалар жазушылары, блогерлер және табысты әйелдер қауымы өз тәжірибелерімен бөлісті. Алматылықтарға иллюстрацияланған кітап көрмесі, шеберлік сыныптары, түрлі байқаулар мен акциялар, Қазақстанның ірі баспалары мен кітап дүкендерінің жәрмеңкесі ұсынылды. Баспагерлер және интернет-дүкендері өз өнімдерін көрмеде 20% - ға дейінгі жеңілдікпен сатты.
Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасында аниматорлар, театр қойылымдары, аквагрим мен түрлі қызықты байқаулар келген қонақтарға тамаша көңіл күй сыйлады.
Фестиваль қонақтары сөреге қойылған кітаптармен танысуға, ұнаған кітаптарды жеңілдікпен сатып алуға немесе оларды толығымен тегін алуға мүмкіндік алды. Биылғы кітап фестивалінде әртүрлі жанрдағы 3000-нан аса кітап тегін таратылды.
Сондай-ақ фестивальде алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы өткізілді, онда кез келген оқырман өз кітабын әкеліп, Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыруға атсалысты.
«Kitap fest» фестивалі он жылға жуық уақыт дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан мәдени-бұқаралық іс-шара. Осы уақыт аралығында ол шығармашылық кездесулердің негізгі алаңына айналды, жәрмеңкелерге 150-ге жуық кітап дүкені қатысты.
АЛМАТЫ
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ақтөбеде қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті
Аймақтар • Кеше
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Кеше
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Кеше
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Кеше
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Кеше
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Кеше
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды
Бокс • 27 Қаңтар, 2023
Сенатта мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 27 Қаңтар, 2023
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • 27 Қаңтар, 2023
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасына 190 квота бөлінді
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Ұқсас жаңалықтар