Қоғам • 09 Қараша, 2022

«Аңсаған сәбимен» 2,4 мыңнан астам бала дүниеге келді

603 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы аясында 2021 жылдың қорытындысы бойынша 3 249 әйел жүктілік бойынша есепке алынды, 2 097 отбасында көптен күткен 2 461 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аңсаған сәбимен» 2,4 мыңнан астам бала дүниеге келді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 1 288 қыз және 1 172 ұл, 364 бала көп ұрықты жүктіліктен туылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс – қимыл уақыты» атты халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге ұлғайта отырып іске қосуды тапсырған болатын, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мемлекет басшысының Жолдауын сапалы іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар іс-шаралар өткізді:

- Жетекші мамандандырылған мамандар мен денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар арасынан Сараптамалық кеңес құрылды;

- «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы бекітілді, оны іске асыру шеңберінде КРТ бойынша нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралды;

- Өңірлер бөлінісінде бедеулігі бар пациенттердің (әйелдер мен ерлер) тізімдері өзектендірілді;

- Ұрпақты болу жасындағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бойынша 7000 ЭКҰ циклі бөлінді;

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС жүйесінде ЭКҰ өткізу бойынша қызметтерді бүгінде 19 клиника ұсынады (оның 3-і мемлекеттік, 16-сы жеке медициналық ұйымдар).

Осылайша, бұл нәтижелер Денсаулық сақтау министрлігінің «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасын табысты іске асырғанын айғақтайды және бұдан әрі МӘМС жүйесінде жыл сайын ЭКҰ-ға дайындалған пациенттердің барынша көп санын қамтамасыз ету мүмкіндігі болады.