Қазақстан • 09 Қараша, 2022

Қазақстанда ет қымбаттаған

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жем-шөп өндірісі 12% қысқарып, ет өнімдері бірден 16%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ет қымбаттаған

Бұл туралы ranking.kz порталы зерттеу жүргізген. 

Биыл елімізде 1,3 млн тонна дайын жем-шөп өндірілген, бұл былтырғымен салыстырғанда 11,8% аз. Өндірістің басым бөлігі Алматы облысында: 347,3 мың тонна, бір жылда 3%-ға көбейген. Үздік үштікке Ақмола (223,8 мың тонна, 0,5% азайған) және Солтүстік Қазақстан (161,1 мың тонна, 18,4% көбейген) облыстары да кірді.

Айта кетейік, 2021 жылы жем-шөп өндірісі 1,9 млн тоннаны құраған еді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,6% артық болған.

 

е

 

 

Зерттеу бойынша елімізде ірі қара мал саны 9 млн құрайды, бұл былтырғымен салыстырғанда 4,7%-ға артық. 

Сиыр 4,6 млн, жылқы саны 11,7% өсіп, 3,8 млн, түйе - 8,6% өсіп, 265,3 мыңды, қой - 4,2% өсіп, 21 миллионды құраған.

Бұл ретте ешкі 0,8% азайып, 2,5 млн және шошқа 11,6% азайып, 849,3 мың басты құрағанын да айта кету керек.

л