Саясат • 10 Қараша, 2022

Отандық өнімді қолдау маңызды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасының президенттігінен үміткер Жигули Дайрабаев «Danmard» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің мәселелерін талқылады.

Отандық өнімді қолдау маңызды

Әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігумен айна­лысатын кәсіпорын бүгінде өндірісін дамытып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Кез­десуде кандидат өзінің сайлауалды науқаны аясында ең­бек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыруға баса мән бергенін айтты.

Сонымен қатар Жигули Дайрабаев мемлекеттік тап­сы­рыс­тардың әділ бөлінуі тиіс екеніне тоқталып, ұлттық және квази­мемлекеттік компаниялар тек импорттық тауарларды сатып алатынын атап өтті.

«Елімізде жеңіл өнеркәсіп дамымаған, онымен айналысатын жеке бөлім жоқ. Эконо­ми­каның осы саласын жандандыру және дамыту үшін ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек. Мәселен, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін үлкен көлемде сатып ала алатын ҚТЖ-ның бүйрегі импортқа бұрып тұрады. Нарықтық эко­номиканың өз заңдылығы бар, түсінеміз, бірақ бізде отандық өнеркәсіп басымдыққа ие болуы қажет. Ауылдық елді мекендерде жұмыс күші мол. Егер осы мүмкіндікті дұрыс пайдалансақ, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыта отырып, көптеген мәселені шешіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етер едік», деді кандидат.