29 Мамыр, 2014

Тасжолдағы жарыс

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сейсенбі күні Қарағанды қаласында тасжолдағы велоспорт жарысынан Азия чемпионаты басталды. Осы күні Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдеге ие болды. Жас­өспірімдер арасында жарыс жолына шыққан Әлішер Жұ­мақан корейлік спортшы Ким Джи­хунудан санаулы секундтар ғана қалып, мәреге екінші болып келді. Кеше әйелдер арасында Маржан Байтілеуова, Астанада өткен велобәйгенің бас жүлдесін алған Екатерина Юрайтис жарыс жолына шықты. Биылғы чемпионатқа 27 елден командалық және жекелеген жарысқа 200-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан құрамасында Азия ойындарының чемпионы, Азияның бірнеше дүркін жүлдегері, Дмитрий Груздев Валентин Иглинский, Максим Иглинский, Даниил Фоми­ных, Руслан Тілеубаев, Арман Камы­шев күш сынасуда. Әйел­дер командасында Маржан Байтілеуова, Әлия Қарғалиева, Махаббат Үмітжанова, бойжеткен қыздар құрамында велотректен Азия чемпионы Надежда Женелева, Фаина Потапова, Светлана Рябова және Екатерина Юрайтис қатысса, жасөспірімдер арасында өтетін бәйгеде Евгений Гидич, Максим Сатликов, Гри­горий Штейн, Алексей Во­ло­шин мен Әлішер Жұмақан бақ сынасады. Ерлер арасында ең ұзақ қа­шықтыққа – 210 км. арналған жарыс 1 маусым күні басталады. Осы сындар «Қазспорт» теле­арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Жалпы, биылғы ересектер және жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпиона­тында отандастарымыз намысқа тырысып өнер көрсетуде. Астанада өткен 34-ші Азия додасында 4 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль алғанымыздың өзі жақсы көр­сеткіш деуге болады. Осы сын­да тағы қазақ­стан­­дық спортшы­лар арасында омниум (жеке қуалау бәйгесі ) жары­сында үздік спортшы атағына Диас Өмір­зақов ие болды. Ол мәреге бірін­ші келгенімен жалпы есепте үздік үштікке ене алмай, алтыншы орынды қанағат тұтты. Осының өзі жас талант үшін жақсы нәтиже. Ал Қарағанды тас жолдарындағы жарысқа келсек, бұл сында да еліміздің көк байрағын биікте желбірететін жастарымыз бар. Соның ішінде екі дүркін Азия чемпионы атанған Екатерина Юрайтисті айтуға болады. Енді кімнің қандай нәтиже көр­сететінін алдағы күндері білетін боламыз. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».