Жаңа жоспарда облыс орталығы мен G-4 City аумағында арнайы экономикалық аймақтар құру да қарастырылған. Сондай-ақ Президент өңірге педагогикалық кадрлар мен дәрігерлерді тарту үшін, атап айтқанда мамандарды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты ынталандыру шараларын қабылдау қажеттігін алға тартты.
«Қазіргі күнде Қонаев қаласының бас жоспарын «Урбостиль» компаниясы әзірлеуде. Бұл тараптағы жұмыстар биылғы жылдың 20 желтоқсанына дейін аяқталмақ. Содан кейін заңнамаға сәйкес облыс әкімдігі жобалық шешімдерді қала тұрғындарымен ашық талқылауды ұйымдастырады. Сонымен қатар бүгінде арнайы экономикалық аймақтардың тұжырымдамасын даярлау жұмыстары да жүргізілуде. Бұл орайдағы жұмыстар аяқталған соң ҚР ИИДМ бекітілген заңнамалық талаптарға сәйкес АЭА құру туралы жұмыстарға кіріседі», делінген министрлік әліметінде.
Айта кетерлігі, бүгінде Алматы облысында тұрғын үй мәселесін оңтайлы шешудің тетіктері іске қосылуда. Атап айтқанда, жас мамандар «Алатау жастары» өңірлік бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізе алады.