Қазақстан • 10 Қараша, 2022

Қазақстанда жаңа 158 өнеркәсіптік өндіріс пайда болады

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысында өндіріс көлемін ұлғайту және импортты алмастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа 158 өнеркәсіптік өндіріс пайда болады

«Экономиканың нақты секторын дамыту және импортты алмастыру, өнеркәсіптік өндірісті одан әрі дамыту - біздің басты басымдығымыз», деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы жалпы сомасы 25 трлн теңгеге 730-ға жуық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты. Оның ішінде 440 жоба импортты алмастыруға бағытталған.

«Жалпы бұл жобаларды іске асыру өнеркәсіптік өндіріс көлемін 10,5 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Шамамен 4,4 трлн теңгеге импортты алмастыру жүзеге асырылады. Жыл қорытындысы бойынша өңдеу секторында жаңа 158 өнеркәсіптік өндіріс пайдалануға беріледі», деп толықтырды Ә.Смайылов.