29 Мамыр, 2014

Жас сарбаздар ант қабылдады

806 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қыз­ме­ті өз қатарына жас сарбаздарды қабылдау шарасын жал­ғастырып отыр. Мерзімді әскери қызметті өтке­­­ру және Отан алдындағы азаматтық борышын атқа­­­ру үшін шақырылған сарбаздар Әскери ант қабылдады. IMG_6539 IMG_6396 Бұл азаматтық шара еліміздің жас ұландарының бойында патриотизм сезімін, Отанға және Қа­зақстан Президентіне деген адал­дыққа, элиталық әскери бөлімнің қатарында қызмет атқаруды мақ­тан тұтуға тәрбиелейтін айрықша әскери рәсім болып табылады. IMG_6421Ант – мемлекетке, өз елінің халқына деген адалдық серті. Әскери ант қабылдау «Әскери міндеттілік және әскери қыз­мет туралы» Қазақстан Респуб­ли­касының Заңымен және Ішкі қызмет жарғысымен ресми бекемделген. Бұл әскери қызметтің маңызды актілерінің бірі болып табылады. Отанға қызмет етемін деп ант беріп, жас жауынгер курсынан өткен кешегі шақырылушы әскери қызметші болады. Әскери анттың қазіргі мәтіні Қазақ­стан Республикасы Президентінің 1992 жыл­ғы 25 тамыздағы Жарлығымен бекітілді. Бұл – Отанға, еліміздің халқы мен сайлан­ған Пре­зи­дентіне адал болуды білдіретін қасиетті ант. Мемлекеттік құжат бола отырып, Әскери ант әскери қызмет­­­­шілерден әскери қызмет міндет­­­терін бұлжытпай орындауды, әс­ке­ри істі адал зерделеуді, сеніп тап­сырылған қару мен жауын­герлік техниканы шебер қолдану­ды және ұқыпты ұстауды талап етеді. Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері өздеріне тапсырылған мемле­кеттің халқы мен жекелеген тұлғаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, рәсімдік іс-шараларды қалтқысыз орындауға қатысу секілді мін­деттерді бұлжытпай орындайды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің эталондарын және аса маңызды мемлекеттік нысандарды күзетеді. Олар жоғары жауынгерлік даярлығымен, еліміздің мәдени және спорттық өміріне белсене қатысуымен ерекшеленеді. Элиталық әскерде әскери қызметті Қазақстанның әр аумағынан шақырылған, психологиялық мінез-құлқы және дене күші жағынан талапқа сай ұландар ғана атқарады. Ант қабылдағаннан кейін жас сарбаздар Алматы және Астана қалаларындағы әскери бөлімдер бойынша таратылады. Бірнеше күн өткеннен кейін еліміздің Президенті берген маңызды жауынгерлік міндеттерді атқаруға кіріседі. Салтанатты ант қабылдау рәсімі кезінде арнайы шұғыл мақсаттағы батальонның әскери қызметкерлері қоян-қолтық ұрыс өне­­рін көрсетіп, құрмет қарауыл ротасы сап түзе­ген шерумен әскери плац-концерт көр­сетті. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.