Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде Алматыдағы Miracle тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы видео тарады.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 10 қарашада сағат 14:57-де Бостандық ауданындағы Абай даңғылы – Қашқар көшесінің қиылысына өрт сөндіру бөлімшелері жіберілгенін хабарлады.
«Салынып жатқан тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында өрт шыққаны анықталды. Өрт 15:07-де оқшауланып, 15:13-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады», деп нақтылады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Қоғам • Кеше
Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді
Президент • Кеше
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Кеше
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар