Қазақстан • 16 Қараша, 2022

Сайлаушылар өз учаскесін қалай таба алады?

1350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлаушылар өз учаскесінің мекенжайын бірнеше тәсіл арқылы анықтай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлаушылар өз учаскесін қалай таба алады?

Біріншіден, сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы табуға болады.

Ол үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, тұрып жатқан аймағыңызды таңдайсыз. Содан соң  ЖСН енгізіп, «табу» батырмасын басасыз. Бірер секундтан кейін қажетті ақпаратты ала аласыз.

Екінші тәсіл байланыс операторларының көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ұялы телефонға СМС арқылы ақпараттық сервистің сілтемесі жіберіледі.

Сондай-ақ сайлау учаскесін «1414», «109» call-орталығына хабарласып білуге болады.

Егер сайлау күні басқа елді мекенде болуды жоспарласаңыз, онда өз сайлау учаскеңізге хабарласып, дауыс беру құқығына сырттай куәлік алуыңыз керек. Осы құжатпен сіз басқа елді мекенде дауыс бере аласыз.

Айта кетсек, сайлау учаскесіне жеке куәлікті алып бару қажет. Сондай-ақ eGov, Kaspi қосымшасындағы цифрлық жеке куәлікті көрсетуге болады.

Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада сағат 07:00-20:00 аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50