Саясат • 11 Қараша, 2022

ТМД ПАА жиынына қатысты

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Владимир Волков және Сағындық Лұқпанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.

ТМД ПАА жиынына қатысты

Владимир Волков ТМД ПАА Құқық­тық мәселелер жөніндегі тұ­рақты комиссиясының отырысын­да «Қаржы мәмілесі туралы», «Мін­деттемелердің орындалуын қам­тама­сыз ету жолдары туралы», «Қор­лар туралы», «Тұ­ты­ну­шылардың құқық­тарын қорғау туралы», «Зиян келтіруге байланыс­ты міндеттемелер туралы», «Кибер­қыл­мысқа қарсы іс-қимыл туралы» және «Инвестициялық және сенімгерлік банк қызметі туралы» үлгі заң жобаларын әріптестерімен бірге талқылады.

Сенатор Сағындық Лұқпанов Эко­но­мика және қаржы мәселелеріне арналған отырыста мемлекеттік сатып алу және салық салу саласындағы ұлттық заңнаманы жақындастыру мәселелерін өзге елдердің парламентшілерімен бірге көтерді және цифрлық экономиканы дамытуға ерекше назар аударды.