Пікір • 11 Қараша, 2022

Омбудсменнің құзыреті кеңейді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы Адам құқығы жөніндегі уәкіліне қатысты тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Оның мақсаты – ұсынылған өзгерістер мен түзетулерді енгізу арқылы адам құқықтарын қорғау саласын жетілдіру және уәкілдің мәртебесін Конституциялық деңгейде бекітіп, құзыретін күшейту, тәуелсіздігін арттыру.

Омбудсменнің құзыреті кеңейді

Сонымен қатар уәкіл қызметінің құқықтық мәртебесін, қағидаттары мен кепілдіктерін конституциялық негізде регламенттеп, ұлттық құқық қорғау қызметін нығайтуға бағыт­тал­ған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Атап айтқанда, азаматтардың құ­қық­тары бұзылған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға тікелей жүгіну құқығы берілді. Парламент Пала­та­ларының бірлескен және бөлек отырыстарына және Парламент депутаттарының қатысуымен өтетін өзге де іс-шараларға қатыса алады.

Үкіметке және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ор­ган­дарына, өзге де ұйымдарға және лауазымды адамдарға азамат­тардың құқықтары мен бостан­дық­тарын бұзушылықтардың профилактикасына және оларды қалпына келтіруге бағытталған ша­ра­ларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар береді. Өңірлерде уәкілдің әлеуетін нығайту және оның атқарушы және өкілді органдармен кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті мәслихаттар сессиясының жалпы отырыстарына қатысу құқығы қарастырылған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сайлануын, қызметінен босатылуын және иммунитеттерінен айыруды Сенат жүзеге асырады. Жалпы алғанда уәкілге Конституциялық дәрежеде өкілеттіктер беру арқылы азаматтарға Ата Заңымыздағы ке­пілдік берілген құқықтары мен бостан­дықтарын қамтамасыз етуді және құқықтарының жоғары дең­гейде қорғалуын толыққанды қалып­тас­тырады.

 

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,

Сенат депутаты