Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Қытай мемлекетінің басшысы Си Цзиньпиннің пікірінше, Қытай дүние жүзіндегі басқа елдермен, соның ішінде Қазақстанмен халықаралық індетке қарсы ынтымақтастықты нығайтуға және жаһандық қауіпсіздікті бірлесіп қорғауға дайын. Бұл жолғы дүние жүзінде кең таралған індет Қазақстан-Қытай ынтымақтастығына қиындықтар әкелді, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер туғызды. Қазақстан мен Қытай цифрлық экономика, медицина және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарында ынтымақтастықтың жаңа өсу нүктелерін құруы керек.
Қазақстан үшін Қытай – ең ірі экономикалық және сауда серіктестерінің бірі. Қытай кеденінің статистикасы бойынша, былтыр екі ел арасындағы екіжақты сауда көлемі 25,25 млрд долларды құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 17,6 пайызға өскен. Оның ішінде Қытайдың Қазақстанға экспорты 13,98 млрд долларды құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға артты. Ал Қазақстаннан импорт 11,27 млрд долларға тең болып, бір жыл ішінде 15,3 пайызға ұлғайды. Қытаймен екіжақты сауданың оң сальдосы 2,71 млрд долларды құрап, бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 36,2 пайызға өсті. Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы сауда көлемі 11,26 млрд долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,2 пайызға өсіп, жалпы көлемнен үш есе артты. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сауда көлемі жаңа рекорд орнатқан болса, бұл сол уақыттан бері тарихи ең жоғары деңгей болып көрсетілді.
Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығының тарихы тереңде. Екі жақтың экономикалық-сауда ынтымақтастығы бір-бірін жоғары деңгейде толықтырады. Қытай «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасын алға жылжытқаннан кейін Қазақстан мен Қытайдың оңтүстік аймақтар арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы одан әрі дамып келеді. Соның мысалы ретінде Чжэцзяндағы жақсы дамыған логистика екі жақтың жан-жақты және терең ынтымақтастығына кепілдік берді. Атап айтқанда, Иуден қаласынан шығып, Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Еуропа жүк пойызын жан-жақты байланыстырды.
Қазақстан мен Қытай цифрлық экономиканы дамыту ынтымақтастығын негіздеді. Цифрлық экономика өндірістің маңызды факторы ретінде деректер ресурстарын алмасуды, негізгі тасымалдаушы ретінде қазіргі заманғы ақпараттық желілерді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды біріктіру мен қолдануды, барлық фактордың цифрлық трансформациясын алға жылжытуды маңызды қозғаушы күш санайды.
Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуға үлкен мән беріп, цифрлық трансформацияға көшу жолына түсті. 2017 жылы ел үкіметі «Цифрлық Қазақстан» ұлттық бағдарламасын қабылдады. 2018-2022 жылдар аралығында жүзеге асырылатын бағдарлама ел экономикасы мен технологиясын жаңғыртуды ынталандыру және еңбек өнімділігін арттыру үшін жағдай жасауды көздейді. Мақсат – 2025 жылға қарай цифрлық бәсекеде Қазақстанды озық елдердің қатарына қосу. Бизнес, ғылым саласы және елдер арасында тұрақты байланыстар орнату арқылы технологияға негізделген кәсіпорындар мен инновацияларды дамыту үшін жағдай жасай отырып, цифрлық елге көшу бастамасына баса мән берілді.
Цифрлық экономиканы дамытудағы практикалық жетістіктер цифрлық экономика екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды мүмкіндігі мен саласына айналғанын және жақсы нәтижеге ие екенін көрсетеді. 2017 жылы Астанада өткен ЭКСПО кезінде Қазақстан мен Қытай «Цифрлық Жібек жолы» бастамасын және Қазақстанның «Цифрлық Қазақстан» стратегиясын ілгерілетуді қоса алғанда, келісімдерді орнатудың төрт аспектісіне назар аударды.
2018 жылғы 22 қарашада Қытай Халық Республикасының Ұлттық даму және реформалар комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Еліміз «Цифрлық Қазақстан» жоспарын жүзеге асыру үшін 169 млрд теңге (шамамен 510 млн доллар) инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл Қазақстан экономикасына 30 пайыздық өсім әкеліп, 2 трлн теңгеден (шамамен 6 млрд доллар) асатын болады деп күтілуде.
2019 жылдың 4 маусымында «Бір белдеу, бір жол» жобасының алғашқы физикалық жобасы ретінде Қазақстан-Қытай логистикалық базасы Қазақстанның құрғақ портымен «Цифрлық Жібек жолын» бірлесіп салу және оның жаңартылған нұсқасын құруға жетекшілік етті. Қытайдың Ляньюньган пойыздары бірте-бірте Қазақстан темір жолдарымен ақпарат алмасуды жүзеге асырды, пайдалану тиімділігін, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және толық қадағалануды жақсартты, сонымен қатар 4 600 шақырым қашықтықтағы Қазақстандағы құрғақ порттар да синхронды түрде қабылдай алатынын түсінді. Қытай-Еуропа пойыздарының жұмыс уақыты 10 пайыздан 15 пайызға дейін үнемделіп, тиімділігі айтарлықтай жақсарды. Қазақстан-Қытай логистикалық базасында «бес буын» толығымен жүзеге асты. Базадан жіберілген трансшекаралық пойыздар Орталық Азияның бес еліндегі 200-ден астам стансаны қамтыды және Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне дейін созылды. Ляньюньган порты сонымен қатар 160-тан астам елдің порттарымен байланыс орнатып, теңізде, құрлықта ынтымақтастық орнатты. Еуразиядағы аралас тасымал Жаңа Қытай моделі мен Қазақстанға саясатты байланыстыру және дамудың ең үлкен ортақ бөлгішін іздеу үшін тасымалдаушы болды.
2020 жылғы 16 шілдеде Қытайдың мемлекеттік кеңесшісі және Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және Орталық Азиядағы бес елдің басқа да сыртқы істер министрлерімен «Қытай + Орталық Азияның бес елі» сыртқы істер министрлерінің бірінші бейнеконференциясын өткізді. Олар эпидемияға қарсы ынтымақтастықты нығайту, экономиканы қалпына келтіруге жәрдемдесу және халықаралық ынтымақтастықты жандандыру сияқты төрт негізгі тақырып бойынша терең пікір алмасты. Жоғары технологиялық салалардағы ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтетіндерін айқын білдіретін мәлімдеме жасады. Электрондық коммерция, смарт қалалар, жасанды интеллект және үлкен деректер технологиясы қолданбалары ретінде цифрлық серіктестік құруға келісті. Кездесуден кейін Ван И мен Орталық Азияның бес елінің сыртқы істер министрлері баспасөз мәслихатында нәтижелі кездесу өткізді. Сегіз тармақтан тұратын ортақ пікір арқылы оң нәтижеге қол жеткізілді, төрт маңызды құжат жарияланды және екіжақты бес кездесу өтті. Ортақ болашағы бар қауымдастықтың дәуірлік маңызы бар екені тағы да дәлелденді. «Қытай + Орталық Азияның бес елі» моделі іске қосылып, Қытайдың Орталық Азиядағы ынтымақтастық кеңістігі кеңейді.
2022 жылдың 6 мамырында Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Қазақстан үкіметінің атынан Дүниежүзілік цифрлық экономика форумы хатшылығына Қытайдың технологиялық компанияларымен Дүниежүзілік цифрлық экономика форумы арқылы байланыс орнатуға және дамытуға бірлесіп жәрдемдесуге ниет білдірген хат жолдады. Қазақстан қытайлық технологиялық компанияларға аэроғарыш, үлкен деректер орталықтары, 5G және 6G зерттеулері, цифрлық нарықтар, коммуникациялар, тұрмыстық қалдықтарды басқару, батареялар, медициналық қызмет көрсету және ынтымақтастықты жүзеге асыруға ерекше мұқтаж және оларды құптайды деп атап көрсетті.
Цифрлық экономика – әлемдік тренд және заманның мүмкіндігі. Қазіргі уақытта нарық ойыншылары тұрғысынан, мемлекеттік қолдау немесе цифрлық технология мен деректер қауіпсіздігі тұрғысынан Қазақстан мен Қытай арасындағы цифрлық экономика ынтымақтастығы берік негізге ие және жарқын болашақты күтуге болады.
Дәулетәлі АКБАРҚАН,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қытай тілі кафедрасының доценті Phd,
Ю МУХОНГ, Қытайдың Чжэцзян қаржы және экономика университетінің профессоры