29 Мамыр, 2014

Қарым-қатынас жайы талқыланды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Парламентте Малайзияның және Иорданияның Қазақстандағы елшілері Дато Хидайат Абдул Хамидпен және Слайман Ара­биатпен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Шетелдік дипломаттармен әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастың бүгіні мен болашағы талқыға түсті. Вице-спикер малайзиялық елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, Малайзия Премьер-министрі Разактың Астана экономикалық форумы аясында Қазақстанға жасаған ресми сапары екіжақты қатынастың дамуына, сонымен бірге, халықаралық ұйымдардағы бірлескен ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті. Кездесу барысында «Болашақ энергиясы» тақырыбымен Аста­нада өтетін ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі жайына да назар аударылды. Түрлі халықаралық ұйымдар мен аймақтық құрылымдар аясында өзара іс-қимылды нығайту иорданиялық елшімен жүздесу кезінде де назардан тыс қалмады. Осы ретте  бүкіл әлемде ядролық қа­руды таратпау және ядросыз ай­мақ құруға қатысты сыртқы сая­си бейбіт бастамалардың маңыз­дылығы да тілге тиек етілді. Сонымен қатар, парламенттік ин­теграцияның, атап айтатын бол­сақ, ынтымақтастық жөніндегі пар­­ла­ментаралық топтар түріндегі бай­ла­ныс­тың өзектілігі әңгімеге арқау болды. Кездесуге Мәжілістің Халық­ара­лық іс­тер, қор­ғаныс және қауіп­сіздік комитетінің төрағасы Мәу­лен Әшімбаев қатысты.