«Осы жылы үш қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша ішкі істер органдарының екі қызметкері есірткі қылмысы үшін жауапқа тартылады. Бірі - Ақтөбеде, екіншісі - Батыс Қазақстанда», деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, өткен жылы осындай 10 қылмыстық іс тіркеліп, 10 қызметкер жазаға тартылған.
«Өткен жылдармен салыстырсақ, бұрын мұндай фактілер көп болған. Бүгінгі таңда олардың саны аз және бұл полиция қызметкерлерінің жоғары тәртіптілігін көрсетеді», деді Б.Әмірханов.