Бокс • 11 Қараша, 2022

Жайна Шекербекова Азия чемпионы атанды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова (54 келі) Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жайна Шекербекова Азия чемпионы атанды

«Алтын» жүлде үшін белдесуде Жайна Шекербекова тайлық Джутамас Джитпонгпен кездесіп, бірауыздан жеңіске жетті. Осылайша, Жайна Шекербекова құрлық біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды.

Шекербекова бұған дейін турнирде жапондық Нарита Хананы және Тайваньдық Хуан Сяо Венді де ұтқан болатын. Ол Аммандағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына екінші «алтынды» жеңіп алды.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48 келі) Азия чемпионатында бірінші алтынды жеңіп алғанын хабарлаған едік. Ол финалда жапондық спортшы Като Хикарумен жұдырықтасуы керек еді, бірақ жапондық жарақатына байланысты рингке шықпады.